Қазақстандықтар 245,3 мың адамға көбейді

0
1 018

Бұл ретте 11 млн 389 мың 200 қазақстандық (59,5%) қалада, 7 млн ​​754 мыңы (40,5%) ауылдық жерде тұрады.


Қазақстандықтар 245,3 мың адамға көбейді

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша ел халқының саны 19 143 200 адамды құрады, деп жазады Zakon.kz.

Бұл ретте 11 млн 389 мың 200 қазақстандық (59,5%) қалада, 7 млн 754 мыңы (40,5%) ауылдық жерде тұрады.

Ұлттық бюрода атап өтілгендей, 2021 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 245,3 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті.

Республика халқының табиғи өсімі 2022 жылғы қаңтарда 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда (21,7 мың адам) 17,3%-ға азайып, 17,9 мың адамға жетті. 1000 халыққа шаққандағы табиғи өсімнің жалпы көрсеткіші 10,98 құрады.

АХАЖ мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың қаңтар айында 31,2 мың адам дүниеге келген, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (34,2 мың адам) 8,7%-ға аз. 1 мың адамға шаққандағы жалпы туу көрсеткіші 19,10.

Бұл ретте 13,3 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда (12,5 мың адам) 6,3%-ға артық. Жалпы өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 8,12 құрайды.

Осы кезеңде бір жасқа дейінгі 274 қайтыс болған нәресте тіркелсе, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (241), бұл көрсеткіш 13,7%-ға өсті. Нәресте өлімінің көрсеткіші 1000 туылғанға шаққанда 8,79 жағдайды құрады.