Осыдан 26 жыл бұрын Қазақстан әлемге жаңа астанасын таныстырды.
ERNUR.KZ. Бүгін барша қазақстандық астана күнін атап өтуде. Биыл елорда өзінің 26 жылдығын тойлап жатыр, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін, ел астанасын оңтүстіктен орталыққа қарай көшіру мәселесі көтерілді. Осылайша елдің жаңа астанасына оңтайлы қаланы анықтау үшін республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Таңдау Ақмола қаласына түсті. 1994 жылы 6 шілдеде сол кездегі Жоғарғы кеңес астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Айта кетері, 6 шілде - тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.
Араға үш жыл салып, 1997 жылы 20 қазанда тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев астананы ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды. Ал 1998 жылы 6 мамырда Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді.
Жаңа астананың ресми тұсаукесер тойы 1998 жылы 10 маусымда өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін елорданың туған күні ретінде мерекеленіп келді. Кейінірек заңға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік мейрамның датасы 6 шілдеге ауыстырылды.
Ал 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Астананың атауы Нұр-Сұлтанға ауыстырылды. Ал 2022 жылы қайтадан Астананы қайтарды.