Қазақстандықтар доллар қымбаттаған кезде жаппай алтын сатып алуға көшкен

0
805

Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады.


Қазақстандықтар доллар қымбаттаған кезде жаппай алтын сатып алуға көшкен

ERNUR.KZ. Жыл басында екінші деңгейлі банктер айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 82 келі болатын 2 586 алтын құйма сатты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 2,9 тоннаға жуық 79 262 алтын құйма сатылған.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 27%, яғни, 21 646 дана.

Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады.

Қаржы нарығындағы тұрақсыздық пен айырбастау бағамы құбылмалы болып тұрған жағдайда алтын құймаларға инвестиция салу – жинақтардың сақталуын қамтамасыз ететін балама құрал.

Қазір алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ жекелеген банктік емес пунктерден сатып алып, кері сатуға болады.