Қазақстандықтар енді екі шет мемлекетке визасыз сапарлай алады

0
1 170

Мұндай бастама Үкіметтің ашық талқыға шығарылған қаулысында көрсетілген.


Қазақстандықтар енді екі шет мемлекетке визасыз сапарлай алады

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар Никарагуаға 30, ал Доминикан Республикасына 60 күнге визасыз бара алады, деп жазады inform.kz.

Мұндай бастама Үкіметтің ашық талқыға шығарылған қаулысында көрсетілген.

«Жарамды жол жүру құжаттары бар ҚР азаматынан Никарагуа Республикасына 30 күннен аспайтын уақытқа бір немесе бірнеше рет барғанда, транзитпен өткенде және уақытша болған кезде оларға визалық талаптар қойлмайды. Күтпеген жағдайларға (табиғи апат, ауру және т.б.) тап болған азамат дәлдеме құжаттары негізінде Никарагуа Республикасының аумағында бола тұруға рұқсат алуы тиіс», - делінген қаулыда.
Ал Никарагуа Республикасына қызмет бабымен баратын азаматтардан виза талап етіледі. Сонымен қатар, Үкіметтің тиісті қаулысына сәйкес, қазақстандық туристер енді Доминикан Республикасына да60 күнге визасыз бара алады. Айта кетейік, аталған екі мемлекеттің азаматтары да жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтай отырып, біздің елімізде белгіленген уақытқа визасыз келеді.
Мұндай келісімдер 2022 жылы 21 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында (АҚШ) өткен тараптар кездесуінде мақұлданған.
Құжаттарды ашық талқылау 10 қарашаға дейін жалғасады.