Электронды үкімет порталында «Анықтамасыз қызмет» сервисі іске қосылды.
фото ашық дереккөзден алынды
Электрондық үкімет порталында «Анықтамасыз қызмет» сервисі іске қосылды, - деп хабарлайды Zakon.kz.
Енді қазақстандықтарға мемлекеттік органдарға мекенжай туралы анықтама, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық туралы қағаз анықтамаларды тасып жүрудің қажеті жоқ. Керек мәліметті тиісті мекеме өздігінше, үкіметтік портал арқылы алатын болады.