Қазақстандықтар Моңғолияда зейнетақы ала алады

0
79

Енді екі елдегі еңбек өтілі зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде есептеледі.


Қазақстандықтар Моңғолияда зейнетақы ала алады

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Қазақстан мәжілісі Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп жазады sputnik.kz.
Құжатқа 2024 жылдың 29 қазанында Ұлан-Баторда қол қойылған. Енді екі елдегі еңбек өтілі зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде есептеледі.
Сонымен қатар қазақстандықтар Моңғолияға көшкен кезде олардың зейнетақысы жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылады.
"Екі елдің азаматтарына зейнетақы тағайындау және төлеу тұрғылықты мемлекеттің заңнамасы бойынша жүзеге асырылады", - деп хабарлады мәжілістегілер.
Келісім Қазақстан мен Моңғолия азаматтарының зейнетақы құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.