Қазақстандықтар нан мен жарма өнімдерін аз тұтына бастады

0
497

халықтың бюджетін өмір сүру деңгейі бойынша тексеру (азық-түлік тұтынуын қоса алғанда) тоқсан сайын және жылдық негізде 12 000 үй шаруашылығын зерттеу базасында қалыптастырылады.


Қазақстандықтар нан мен жарма өнімдерін аз тұтына бастады

ERNUR.KZ. 2023 жылдың алғашқы тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда халықтың азық-түлік тұтынуы бойынша ең көп төмендеу нан мен жарма өнімдерінд байқалған – 5,8%, балық пен теңіз өнімдері бойынша – 2,3%, деп жазады ҚазАқпарат.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, келесі өнімдерді тұтыну көрсеткіші өскен: жұмыртқа – 6,6%-ға, жемістер – 2,8%-ға, қант пен кондитерлік өнімдер – 2,6%-ға.

Бұдан бұрынғы кезеңдердегідей, үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (16,8%), нан өнімдері мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі.

Есепті кезеңде ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында – 22,9 кг (жан басына шаққанда тоқсанына), ең төмені Шымкент қаласында, жан басына - 15 кг.

Айта кетейік, халықтың бюджетін өмір сүру деңгейі бойынша тексеру (азық-түлік тұтынуын қоса алғанда) тоқсан сайын және жылдық негізде 12 000 үй шаруашылығын зерттеу базасында қалыптастырылады.