Зерттеу нәтижесінде респонденттердің 41% - ы алдағы Наурыз мерекелерін үйде, отбасымен атап өтуді жоспарлап отыр.
ERNUR.KZ. Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының мамандары халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіп, қазақстандықтар Наурызды қайда және қалай атап өтуді жоспарлағанын білді, деп жазады ulysmedia.kz.
Зерттеу нәтижесінде респонденттердің 41% - ы алдағы Наурыз мерекелерін үйде, отбасымен атап өтуді жоспарлап отыр. Олардың пікірінше, қазір валюта нарығындағы теңгенің құбылуы және Ресей-Украина соғысына байланысты саяхаттауға шығындалудың қажеті жоқ.
Респонденттердің 35% - ы елдің басқа аймақтарында тұратын туыстарына барып, Бурабай сияқты жергілікті курорттарға барғысы келеді. Қайыңды, Көлсай, Каспий жағалауы және басқа жерлер бар. Ел ішіндегі демалыстың бағасы таңдалған курортқа, күндерінің санына, тамақтану мен жол шығынын қосқанда орта есеппен 25-тен 250 мың теңгеге түсседі.
Сауалнамаға қатысқандардың 24% - ы шетелде демалуды жоспарлаған. Freedom Finance Life ӨСК деректер базасына сәйкес қазақстандықтардың көпшілігі БАӘ, Египет, Түркия, Таиланд және Шри-Ланка аралы сияқты бағыттарда туристік сақтандыруды рәсімдейді. Грузия, Үндістан, Доминикан Республикасы, Мальдив, Вьетнам және басқа елдерде сирек кездеседі. 2022 жылдың ақпан айында болған девальвацияға қарамастан, осы айда шетелде демалу құны 2021 жылдың наурыз айындағыдай деңгейде қалады. Қазақстандық турфирмалардың көпшілігі осы бағыттар бойынша арзандатылған турларды орташа есеппен бір адамға 500 – 800 долларға (260 – 420 мың теңге) ұсынады. Бағалар таңдалған елдер, демаоыс күндерінің санына, қонақ үй санатына, тамақтануға және басқа да қосымша қызметтерге байланысты.
Наурыз айында шетелде демалу құны
Мысыр (Шарм-эль-Шейх). Бүгінгі таңда бұл қазақстандықтар үшін ең бюджеттік бағыт. Бір апта бойы 3-4 жұлдызды қонақ үйдің орташа құны-340 доллар (180 мың теңге). Өткен жылы тур құны 200-400 мың теңгені құрады.
БАӘ (Дубай). Турдың орташа құны - 450 доллар (240 мың теңге). Оған, тамақ беру қызметінсіз алты күн 3-4 жұлдызды қонақ үйде тұру құны кіреді. Сапарға шыққанда, қала бойынша көлік, тамақтану және ойын-сауық үшін қосымша шығындарды ескеру қажет. Сауда жасауды жоспарлаған туристер үшін сауда орталықтарында маусымдық жеңілдіктер бар. 2021 жылы демалыс бағасы 140-тан 400 мың теңгеге дейін өзгерді.
Грузия (Батуми, Баржоми). Негізінен 3 жұлдызды қонақ үйлерде тұратын 8 күндік турлар ұсынылады (тек таңғы ас). Бір адамға құны – 530 доллар (270 мың теңге). Өткен жылғы турлардың құны қазір ұсынылып отырған бағадан 250-ден 450 мың теңгеге дейін құбылып отыр.
Түркия ( Алания, Анталия, Кемер). Негізінен апталық турлар ұсынылады. All inclusive бес жұлдызды қонақ үйдің бір адамға орташа құны - 560 доллар (290 мың теңге). 2021 жылы турлардың құны курорт пен қонақ үй мәртебесіне байланысты 180-нен 600 мың теңгеге дейін болған.
Тайланд (Пхукет аралы). 5 жұлдызды қонақ үйде, 7 күнге сапар, тамақтануды қоса алғанда (таңғы ас) орташа есеппен 700 долларды (360 мың теңге) құрайды. Өткен жылы Паттайяға ұшу және сегіз күндік тур құны 600-800 мың теңгені құрады. Аралдарда бағалар әлдеқайда жоғары - шамамен 1,5 млн.теңге.
Шри-Ланка туралы. 3-4 жұлдызды қонақүйде тұру, бір адамға тамақтану немесе тек таңғы ас (8 күн) – орташа есеппен 700 доллар (360 мың теңге). Өткен жылы турдың құны 500 мыңнан 1,3 млн. теңгеге дейін болды.
Үндістан (Гоа). Осы бағыт бойынша 2-3 жұлдызды қонақ үйде тұру, 12 күндік турларды орташа есеппен 800 долларға (420 мың теңге) сатып алуға болады. Бағасына тек таңғы ас кіреді. 2021 жылы Гоа-да осылай демалу құны 200-400 мың теңгені құрады.
Доминикана. All inclusive 4-5 жұлдызды қонақ үйде тұрe бір адамға бес күндік демалыс орташа есеппен 800 доллар (420 мың теңге) тұрады. Өткен жылы Доминиканға турлар 500-ден 900 мың теңгеге дейін болды.
Мальдивы. 3-4 жұлдызды қонақ үйде күніне үш рет тамақтанатын бір адамға орташа есеппен 2,1 мың доллар (1,1 млн теңге). 2021 жылы қонақ үйлердің жіктелуіне және брондау күніне байланысты турлардың құны 400 мыңнан 1,8 млн теңгеге дейін.
Вьетнам (Фукуок аралы). Бүгінгі таңда бұл - Қазақстаннfy ең қымбат бағыт. Орташа есеппен бір адамға тур, 4-5 жұлдызды қонақ үйде тұру 9 күнге 2400 доллар (1,3 млн теңге) тұрады. Өткен жылы пандемия кезінде шекаралардың жабылуына байланысты туристік компаниялар бұл бағытта арзандатылған ұсыныстарды жасаған жоқ.


