2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторын 22 екінші деңгейдегі банк құрайды, оның ішінде 13-і шетел қатысатын банк болса, 10-ы еншілес банк.
ERNUR.KZ. Банк секторының активтері ағымдағы жылғы тамызда 2,9%-ға немесе 1,2 трлн теңгеге ұлғайып, 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 41,5 трлн теңгені құраған, деп жазады stan.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметіне сүйенсек, активтердің өсуі өтімді активтердің 5,7%-ға немесе 1 008 млрд теңгеге және несие портфелінің 1,1%-ға немесе 246 млрд теңгеге ұлғаюы нәтижесінде орын алды.
"Өтімділігі жоғары активтер 12,6 трлн теңгені немесе активтердің 30,4%-ын құрады, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Экономикаға кредиттер 2022 жылғы тамызда 1,6%-ға өсіп, 20,7 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіштің өсуі 2022 жылдың басынан бері 11,8%-ды немесе 2,2 трлн теңгені құрады. Ұлттық валютадағы кредиттер 2022 жылғы тамызда 1,9%-ға, 19,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер 2,5%- ға, 1,7 трлн теңгеге дейін төмендеді", - делінген агенттік ақпаратында.
Заңды тұлғаларға кредиттер 2022 жылғы тамызда 0,5%-ға шамалы төмендеп, 7,9 трлн теңгені құраған. Заңды тұлғаларға кредиттердің төмендеуі жаңа несие беруден асып түскен ірі өтеулер нәтижесінде орын алды. Бұл ретте ағымдағы жылдың тамыз айында заңды тұлғаларға 973 млрд теңге сомасына қарыздар берілді, бұл 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда 11,2% - ға артық.
"Ірі бизнеске қарыздар 2022 жылдың басынан бері 4,0%-ға 3,4 трлн теңгеге дейін, ШОБ (ДК қоса алғанда) қарыздары 3,3%-ға 5,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Салалар бойынша заңды тұлғаларға берілген кредиттердің негізгі үлесі өнеркәсіпке (34,3%), саудаға (21,1%), құрылысқа (7,6%) және көлікке (5,8%) тиесілі. Жеке тұлғаларға кредиттер 2022 жылғы тамызда 2,9%-ға ұлғайып, 12,7 трлн теңгені құрады (ағымдағы жылдың басынан бері 18,7%-ға өсті)", - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар жеке тұлғаларға кредиттердің өсуіне жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру нәтижесінде ипотекалық кредиттеудің 3,1%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғаюы, сондай-ақ тұтынушылық қарыздардың, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге бизнес мақсаттарға арналған қарыздар, 2,3%-ға 7,0 трлн теңгеге дейін өсуі себеп болғаны айтылған.
"Ағымдағы жылдың тамыз айында несие портфелінің сапасы біршама жақсарды. Сонымен, 2022 жылғы 1 қыркүйекте банк секторы бойынша NPL қарыздарының деңгейі бір айда 0,2 п.т. немесе 41 млрд теңгеге азайып, 787 млрд теңгені немесе жалпы несие портфелінің 3,6%-ын құрады (2022 жылғы 1 қаңтарда - 3,3% немесе 669 млрд теңге). ШОБ-ты ескере отырып заңды тұлғалардың портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі 3,6%-ды немесе 353 млрд теңгені, жеке тұлғалардың портфелінде - 3,6%-ды немесе 434 млрд теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен жабу жоғары болып сақталды және 72,3%-ды құрайды", - деп жалғады агенттік.
Банктердің меншікті капиталы да ағымдағы жылғы тамызда 2,5%-ға 5,0 трлн теңгеге дейін өскен. Қаржы нарығын реттеу агенттігі резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2022 жылғы тамызда 0,8%-ға 28,3 трлн теңгеге дейін ұлғайғанын атап өтті. Заңды тұлғалардың депозиттері 1,2%-ға, 14,6 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері - 0,4%-ға, 13,6 трлн теңгеге дейін көбейген.
"Ұлттық валютадағы депозиттер 2022 жылғы тамызда 1,0%-ға 18,0 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында депозиттер - 4,1%-ға 10,3 трлн теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша долларлану деңгейі 2022 жылдың басындағы 36,0%-бен салыстырғанда 36,5%-ды құрады", - деп түйіндеді агенттік.