Қазақстандықтардың қарызы 24 триллион теңгеге жетті

0
190

Бір жылда несие портфелі 23 пайызға өскен.


Қазақстандықтардың қарызы 24 триллион теңгеге жетті

Фото: wfin.kz

ERNUR.KZ. Бірінші кредиттік бюро қазақстандықтардың несие борышы бойынша жаңа деректерді жария етті, деп жазады inbusiness.kz.

Ел азаматтарының жеке тұлға ретінде рәсімдеген несиелерінің көлемі бір жылда 22,9%-ға өсіп, 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, 24,1 триллион теңгеге жеткен.

Қазақстандықтардың қарызының 90 пайызын несиенің келесі түрлері құрайды:

Кепілсіз тұтынушылық несие. Қарыз көлемі 2025 жылдың басында 11,7 триллион теңгеге жетті (бір жылдағы өсім +22,9 пайыз).

Ипотекалық несие. Ол бір жылда 14,1 пайызға өсіп, 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 6,7 трлн тг құрап отыр. Келісімшарттар саны 9,9 пайызға, 627,6 мың бірлікке дейін артты. Ал қарыз алушылар саны 600 мыңға жуық адамға жетіп, жылдық өсім 10,3 пайызды құрады. Ипотекалық несиенің өзекті портфелінің 60 пайызға жуығын 2023 және 2024 жылдары алынған жаңа несиелер құрайды.

"Атап өтейік, өткен жылы бұл сегментте несиенің берілу белсенділігі едәуір артқан болатын. Рәсімделген келісімшарттардың жалпы көлемі жылдан жылға 27,8%-ға артып, 2,2 трлн тг жетті. Ал несие саны 18,9%-ға артып, 136,8 мың бірлікті құрады. Ипотека алған қарыз алушылар саны 2023 жылмен салыстырғанда 21%-ға өсіп, 134 мың адамға жеткен", – делінген Бірінші кредиттік бюроның түсіндірмесінде.