«Қазақстандықтардың көбі КВИ-дің жеңіл түрімен ауырып болғаны» рас па – Цойдың жауабы

0
1 583

Пневмония мен коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттердің микробты пейзажы жасалады.


«Қазақстандықтардың көбі КВИ-дің жеңіл түрімен ауырып болғаны» рас па – Цойдың жауабы

ERNUR.KZ. «Қазақстандықтардың көбі КВИ-дің жеңіл түрімен ауырып болды» деген сыңайда қоғамда пікір бар. «Бұл болжам рас па?» деген сұрақ ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қойылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз жұмысымызда өзіміздің ресми мәліметтерімізге сүйенеміз. Әлбетте қоғамда көп адамның коронавируспен ауырып, жазылып кетті деген сыңайда пікір барын білемін. Себебі коронавирус инфекциясы бойынша симптоматика ЖРВИ белгілеріне, әсіресе пневмонияға өте ұқсас екенін түсіну керек. Мұндай қорқыныш бар. Қазір қолымыздағы статистикалық мәліметтер – тесттермен расталған жағдайлар. Сонымен қатар ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада оның нәтижесі шығады», - деді министр.

Алексей Цойдың айтуынша, пневмония мен коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттердің микробты пейзажы жасалады. Осыдан кейін коронавирус инфекциясымен күрестің бағыт-бағдары айқындалмақ.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралған болатын. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап 14 күнге қатаң шектеу шараларын енгізетін болды.