Қазақстандықтардың миллиардтаған зейнетақы жинақтары жеке компанияларға берілді

0
3 065

1 шілдеден бастап қазақстандықтарда зейнетақы жинағының 50%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушыға беру мүмкіндігі пайда болды.


Қазақстандықтардың миллиардтаған зейнетақы жинақтары жеке компанияларға берілді

ERNUR.KZ. Жеке инвестициялық компаниялардың сенімгерлік басқаруында қазақстандықтардың 9,5 млрд теңгеден астам зейнетақы жинақтары бар, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан халқында зейнетақы жинағының 50% - на дейін инвестициялық портфельді басқарушыға беру мүмкіндігі пайда болды.

БЖЗҚ-да шілде айында аталған компанияларға өз қаражаттарын 583 салымшы сеніп тапсырғанын атап өтті. Жеке басқаруға берілген қаражаттың жалпы сомасы 820 млн теңгені құрады.

Зейнетақы қорында инвестициялық компанияларға өз жинақтарының жартысына дейін міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен ең төменгі жеткіліктілік шегін ескермей беруге болатынын түсіндірді.

Бұл ретте ерікті жинақтары бар салымшылар өз жинақтарының 100%-на дейін жеке басқаруға бере алады.

1 тамыздағы жағдай бойынша жеке басқаруда 9,8 млрд теңге сомаға зейнетақы активтері бар. Аударымның орташа сомасы шамамен 1,45 млн теңгені құрайды.