Қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан топ ұсталды

0
101

Жеке деректерді сату күдігімен 140 адам ұсталған.


Қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан топ ұсталды

фото:ulysmedia коллажы

ERNUR.KZ. Қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан қылмыстық топ ұсталды, деп жазады ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрлігі ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп адамдардың жеке деректерін заңсыз жинап, сатқан топ ұсталғанын хабарлады. Министрлік мәліметінше, деректер мемлекеттік базалардан алып, Telegram арқылы таратылған. Оның ішінде бірқатар коллекторлық компанияларға да берілген.

Жеке деректерді сату күдігімен 140 адам ұсталған. Оның ішінде компания басшылары мен Telegram арна әкімшісі де бар.

Қазіргі кезде бес адам қамауға алынды. Тінту барысында коллекторлық компаниядан 400 компьютер мен өзге де электронды техника тәркіленді, – делінген ІІМ мәлімдемесінде.

Оқиға бойынша ҚК 205-бабының 3-бөлігі, 147-бабының 5-бөлігі және 211-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.