Қазақстанға салынған инвестиция көлемі 7 пайызға өсті

0
587

Бюрода республиканың 18 өңірінде негізгі капиталға инвестиция көлемінің ұлғаюы байқалғанын атап өтті.


Қазақстанға салынған инвестиция көлемі 7 пайызға өсті

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 11 244,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7%-ға артық, деп жазады zakon.kz.

Бюрода республиканың 18 өңірінде негізгі капиталға инвестиция көлемінің ұлғаюы байқалғанын атап өтті.

Бұл ретте ең үлкен өсім Қызылорда облысында – 25%-ға, Алматы мен Шымкентте – тиісінше 19,6%-ға және 18,3%-ға байқалды.

Негізгі капиталға инвестиция көлемінің төмендеуі республиканың екі облысында – Атырау облысында – 0,6%-ға және Ұлытауда – 30,8%-ға тіркелді.

Ұлттық статистика бюросы негізгі капиталға инвестиция салу бойынша жетекші үш саланы атады:

  • өнеркәсіп – 5 557,4 млрд теңге;
  • жылжымайтын мүлікпен операциялар – 2 343,6 млрд теңге;
  • Көлік және қойма шаруашылығы – 1091,2 млрд.теңге.