Президент мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан қарсы алды.
Фото: Ақорда
Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан қарсы алды.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды бірге аралап көреді.
Осыған дейін Түркістанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтетіні туралы хабарладық.