Қазақстаннан Лондонға қара жұмыс істеуге барған ерлі-зайыптылар кісі өлтірді деген күдікке ілінген – Смадияров

0
401

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оларға қажетті заңды көмек көрсетуге дайын.


Қазақстаннан Лондонға қара жұмыс істеуге барған ерлі-зайыптылар кісі өлтірді деген күдікке ілінген – Смадияров

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Лондонда кісі өлтірді деп күдікке іліккен Қазақстан азаматы туралы пікір білдірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«2024 жылғы 10 мамырда Лондон полициясы Қазақстан азаматы Ұлыбританияда адам өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы хабарлады. Анықталғандай, ұсталғандар ерлі-зайыптылар, әйел ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып бергеннен кейін босатылған, ал ер адам тергеліп жатыр. Біз барлық қажетті консулдық құқықтық көмекті көрсетеміз», - деді Айбек Смадияров.

Еске салсақ, Ұлыбританияда 37 жастағы Бейбіт Баймолда 42 жастағы ер адамды пышақтап тастады деген айыппен ұсталған болатын. Қазақстан азаматы 2023 жылы Ұлыбританияға маусымдық жұмыс істеуге барған.