Карьерасын енді бастаған 18 жастағы порноактер 15 жастағы қызбен жалдамалы пәтерде жатқан. Төсектегі бар тірлігін видеоға түсіріп, сосын желіге жүктеп келген.
ERNUR.KZ. Санкт-Петербург полициясы 18 жастағы Қазақстанның тумасын ұстады, деп жазады zakon.kz.
Piter.TV сайты хабарлағандай, жас жігіт 21 ақпанда ұсталған. Қазақстаннан шыққан порноактер 15 жастағы қызымен бірге құрған ойнастығын интернетте жариялаған.
Ол жалдамалы пәтерде 15 жастағы қызбен түскен порнографиялық видеоларын 1-3 ақпан аралығында жариялаған екен.
Пәтерден есірткі, екі ноутбук, флэшка, 10 диск, компьютер мен екі смартфон табылды.
Тергеу басталды. Оған қатысты "16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу" және "Порнографиялық өнім дайындау мен айналымға енгізу" баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.