Әскерилер бұл елге оқу-жаттығудан өту үшін барған.
Фото: Қорғаныс министрлігі
ERNUR.KZ. Қазақстандағы десантты-шабуылдаушы әскердің 15 әскері Бүлікшілермен күрес және джунглиде әскери жаттығу өткізетін атақты мектептің базасында дайындықтан өтіп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл мектептің әскери академия деген дәрежесі бар. Және оқу орны дәстүрлі емес соғыс түрлеріндегі іс-қимылдарға үйретеді екен.
«Біз осы жерге келген соң курстың бағдарламасымен таныстық. Оқу-жаттығу кезінде біз бүлікшілердің шағын тобын аңдып, оларды тұтқиылдан қолға түсіруді үйрендік. Оқу-жаттығу күні-түні Джунглиде өтіп жатыр», - дейді Десантты-шабуылдаушы әскерлердің капитаны Виталий Стефанович.
Жалпы, бұл-оқу жаттығу кезінде біздің әскерлер лекция тыңдап, пікірталастарға қатысады, әртүрлі тақырыптар бойынша зерттеу жүргізеді. Дегенмен, дене жаттығуларына, атыс пен тактикалық тәсілдерге басымдық беріледі.