Қазақстанның Alaqan жүйесі 6 мемлекетке экспортталады

0
396

Alaqan жүйесі жуырда Үкімет ғимаратында орнатылды.


Қазақстанның Alaqan жүйесі 6 мемлекетке экспортталады

фото: Пресс-служба премьер-министра Казахстана

ERNUR.KZ. Адамды алақан ізі арқылы анықтайтын Alaqan жүйесі 300 мектепке орнатылды. Енді оны 6 мемлекетке экспорттау жоспарлануда. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов 8кіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Alaqan жүйесі жуырда Үкімет ғимаратында орнатылды.
"Осы жылдың бірінші жартысында 6 елге: Сауд Арабиясы, Сингапур, Кувейт және басқа да мемлекеттерге экспортқа шығару жоспарлануда", - деді Бектенов.
Тағы бір стартап – жасанды интеллект негізінде мәтіннен видео жасауға және өңдеуге арналған Higgsfield AI жобасы. Жоба 100 млн. долларға бағаланып отыр.
Балаларды бағдарламалауға үйрететін Codiplay жобасы қазірдің өзінде әлемнің 13 еліндегі мектептерде қолданылуда.
Олардың ішінде Оңтүстік Корея, Түркия, Ұлыбритания, Катар және тағы басқа елдер бар. Аталған жоба да 100 млн долларға бағаланды.
Осы және Grand Mobile, CITIX, CEREBRA, OGames, Parqour, ApartX сияқты басқа да табысты қазақстандық жобалар бұл бағытта біздің зор әлеуетіміздің барын көрсетеді, деді премьер- министр.