Қазақстанның авиация әкімшілігі халықаралық сыйлық алды

0
549

Марапат Қазақстанның Канададағы елшісі Ақылбек Камалдиновке табысталды.


Қазақстанның авиация әкімшілігі халықаралық сыйлық алды

ERNUR.KZ. Қазақстанның авиация әкімшілігі "Air Transport News Corporate Award" корпоративтік сыйлығын алды, деп жазады sputnik.kz.

Ведомствоның мәліметінше, бұл награда халықаралық авиация қауымдастығының Қазақстандағы азаматтық авиацияны басқарудың жаңа моделіне көшу бойынша жүргізілген жұмыстарды мойындайтынын білдіреді.
Марапат Қазақстанның Канададағы елшісі Ақылбек Камалдиновке табысталды.
Қазақстанның авиация әкімшілігі "Air Transport News Corporate Award" корпоративтік сыйлығын алды

"Жаһандық байланыс мәселелері" әуе көлігі симпозиумына ИКАО кеңесінің мүшелері, ИКАО хатшылығы, түрлі мемлекеттердің авиациялық билік органдары, IATA, CANSO, ACI World, TIACA, iPADIS және ірі халықаралық әуе тасымалдаушылары қатысты.

"Қазақстанның авиация әкімшілігі – үш жыл бұрын халықаралық озық тәжірибелер негізінде тиімді авиациялық орган болу мақсатында құрылған жас реттеуші орган", - деп атап өтті министрлік.

2023 жылғы жеңімпаздар арасында ИКАО президенті Сальваторе Шиачитано, ERA бас директоры Монсеррат Баррига, IATA басқарушылар кеңесінің төрағасы Мехмет Нане, Гайана азаматтық авиация басқармасының бас директоры Эгберт Филд, TIACA, Wizz Air, iGA Стамбул әуежайы, SkyTeam марапатталды.