Қазақстанның екі облысы "қызыл" аймаққа өтті

0
608

Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" және "сары" аймақтар жаңарды.


Қазақстанның екі облысы

Қазақстанда коронавирусқа байланысты "қызыл" аймақтағы өңірлер бойынша мәлімет жаңарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қызылорда мен Павлодар облыстары "сары" аймақтан "қызылға" ауысса, Шымкент қаласы, керісінше, "қызылдан" "сарыға" көшті.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта 10 өңір: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.