ТЖМ мәліметтері бойынша, зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.
ERNUR.KZ. 17 қаңтарда Астана уақытымен 22:08-де сейсмикалық қызмет Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 220 шақырымда жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Zakon.kz.
Сейсмологтардың мәліметінше, тербеліс жиілігі:
- Жетісу облысында, Жаркент қаласында - 2 балл;
- Алматы облысы, Шонжы ауылында - 2 балл.
ТЖМ мәліметтері бойынша, зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.
Бұған дейін, 16 қаңтарда Алматыдан 109 шақырымда жер сілкінісі болған.