Тек компанияның ресми сайтында Кимнің акция сатып алғаны туралы ақпарат жариялаған.
ERNUR.KZ. Қазақстандағы ең бай азамат Владимир Ким 6 жарыс командасына иелік ететін Hitech Global Holdings компаниясының 25% акциясын сатып алды, деп жазады Stan.kz.
Спорт Шредингера Telegram-арнасының мәліметінше келіссөз құны нақты жарияланбаған. Тек компанияның ресми сайтында Кимнің акция сатып алғаны туралы ақпарат жариялаған.
Hitech Global Holdings компаниясы 2026 жылы Формула-1 жарысына қатысуға рұқсат алған. Бұл үшін компания 20 ай жұмыс істеген.
Владимир Кимнің байлығы 4,6 миллиард доллар деп бағаланған. Әлемдік Forbes рейтингінде ол 591-орында тұр. Кимнің иелігінде KAZ Minerals пен Kazakhmys компаниялары, сонымен қатар RBK банкі бар.


