2023 жылдың басындағы жағдай бойынша қазақстандықтардың орташа жасы 32,1 жас болды.
ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросы Қазақстан тұрғындарының орташа жасы туралы ақпаратты жариялап, елдің "ең жас" аймақтарын атады, деп жазады zakon.kz.
Мемлекеттік статистика агенттігінің мәліметінше, 2023 жылдың басындағы жағдай бойынша қазақстандықтардың орташа жасы 32,1 жас болды. Кейінгі бес жылда елдің орта жастағы тұрғыны біршама қартайды.
"Жыл басында ерлердің орташа жасы 30,5 жас, әйелдердікі 33,7 жас болды. Қала тұрғындарының орташа жасы ауыл тұрғындарынан жоғары: тиісінше 32,6 және 31,5 жас", - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан әлемдегі "ең жас" елдердің бірі екенін, 2023 жылдың соңына қарай республика халқының саны 20 миллион адамға жететінін айтқан еді.


