​Қазақстанның Гвинея-Бисауға дәнді дақылдарды экспорттау мүмкінді мол – Тоқаев

0
113

Қазақстан Президенті Гвинея-Бисаудың жоғары деңгейдегі делегациясын келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақырды.


​Қазақстанның Гвинея-Бисауға дәнді дақылдарды экспорттау мүмкінді мол – Тоқаев

Фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Бұл туралы елімізге ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбаломен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады inform.kz.

- Ауыл шаруашылығы саласындағы серіктестік келіссөздердегі басты тақырыптардың бірі болды. Қазақстанның Гвинея-Бисауға дәнді дақылды экспорттауға қатысты мүмкіндігі мол екеніне назар аудардық. Бұл ретте еліміздің бастамасымен құрылған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының әлеуетін толық пайдалануға болады. Сонымен қатар тау-кен және табиғи ресурстарды игеру ісіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқыладық. Атап айтқанда, темір, фосфат және басқа сирек кездесетін минерал кеніштерін барлау және игеру үшін бірлесе жұмыс істеуге зор мүмкіндік бар, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы мәртебелі мейманмен Қазақстанның жаңа технологиялар саласындағы жаңалықтарымен бөліскенін атап өтті.
- Әсіресе, цифрландыру, киберқауіпсіздік және финтех бағытындағы жетістіктерімізге тоқталдым. Осы орайда цифрлық қызмет саласындағы ықпалдастықты арттыруды ұсындым. Гвинея-Бисаудың жоғары деңгейдегі делегациясын келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақырдым. Бұл Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуетімен толық танысуға мүмкіндік береді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елімізге ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбалоны салтанатпен қарсы алғанын жазған едік.
Кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Гвинея-Бисауды Африка құрлығындағы маңызды серіктес ретінде қарастыратындығын айтты.
Келіссөздер барысында екі елді басшылары Бисау порты мен Транскаспий дәлізін ұштастыру жолдарын зерделеуге келісті.