Қазақстанның кей қалаларында жалға берілетін баспана бағасы төмендей бастады

0
684

Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін алғашқы апталарда жалға беру бағасы өскен қалаларда жалдау ақысы төмендей бастады.


Қазақстанның кей қалаларында жалға берілетін баспана бағасы төмендей бастады

ERNUR.KZ. Қазақстанның кей қалаларында баспананы жалға беру бағасы төмендей бастады. Кейінгі аптада бағаның төмендеуі Петропавл, Ақтөбе, Павлодар, Орал және Астана қалаларында байқалды, жазады tengrinews.kz.

Krisha.kz сарапшылары кейінгі аптадағы, яғни 5-12 қазандағы баға мониторингі деректерін ұсынды. Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін алғашқы апталарда жалға беру бағасы өскен қалаларда жалдау ақысы төмендей бастады.

Мәселен, бір апта ішінде айтарлықтай арзандау Петропавл мен Ақтөбеде (бағаның 14 пайыздан аса төмендеуі, орта есеппен бір шаршы метрге шамамен 4400 теңге), сондай-ақ Орал мен Павлодарда (10 пайыздан аса) байқалды. Астанада кейінгі аптада жалға берілетін тұрғын үй бағасы 6,8 пайызға арзандаған.

Бұл ретте Алматы, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Шымкент қалаларында жалға алу бағасы қымбаттаған. Бір аптада жалға беру бағасы Алматыда бірден 8,9 пайызға (1 шаршы метр бағасы 5 555 теңге), Ақтауда 9,8 пайызға (шаршы метрі 3 035 теңге) өскен.

Алматыда жалға берілетін пәтірлердің арзандамауы ішінара нарық құрылымының өзгеруіне және арзан пәтерлердің тапшылығына байланысты екені атап өтілді. 12 қазандағы жағдай бойынша пәтерлердің абсолют бағасы бойынша қала көш бастап тұр – бір бөлмелі пәтер 270 000 теңге, екі бөлмелі пәтер 500 000, үш бөлмелі пәтер 750 000 теңге. Астана баға бойынша екінші орында – бір бөлмелі пәтер 250 мың теңге, екі бөлмелі пәтер 350 мың, үш бөлмелі пәтер 500 мың теңге.