ҚазСтандарт халықаралық талаптарға сәйкес халал өнімді сертификаттауды жүргізеді және ұлттық сертификаттау жүйесін тану ауқымын кеңейтуді жалғастыра бермек.
Фото: Қазақстан стандарттау және метрология институты
ERNUR.KZ. ҚазСтандарт Қатарда ресми түрде танылды. Кәсіпорынды халал сертификаттау жөніндегі уәкілетті органдардың тізіліміне енгізді. Бұл қазақстандық өндірушілердің катар нарығына шығу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл туралы Қазақстан стандарттау және метрология институты мәлім етті, деп жазады inform.kz.
— Тізілімге енгізу ҚазСтандарттың халал-сертификаттау саласындағы құзыреттілігін растайды. Енді отандық тамақ өнімдерін өндірушілер Қатарда танылатын талаптарды ескере отырып, сертификаттаудан Қазақстанда өте алады, — делінген хабарламада.
ҚазСтандарт халықаралық талаптарға сәйкес халал өнімді сертификаттауды жүргізеді және ұлттық сертификаттау жүйесін тану ауқымын кеңейтуді жалғастыра бермек.
Бүгінгі күні ҚазСтандарт БАӘ, Сауд Арабиясы Корольдігінде және Қатарда аккредиттеуден өткен. Бұл қазақстандық өндірушілердің өнімдерін шетелдік нарықтарға ілгерілетуге қосымша мүмкіндіктер береді.


