​Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қаржы жымқырғаны үшін ұсталды

0
1 159

Оның заңсыз әрекеттері салдарынан 140 миллион теңгеден астам шығын келген.


​Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қаржы жымқырғаны үшін ұсталды

ERNUR.KZ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова өткен аптада тіркелген қылмыстық істермен таныстырды, деп жазады Baq.kz.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшісін әшкереледі. Ол жауапты мемлекеттік лауазымды атқара отырып, Өзбекстандағы Қазақстан Республикасы елшілігінің әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойды деп күдіктелуде», - деді Бастарова Агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми өкілдің мәліметінше, оның заңсыз әрекеттері салдарынан 140 миллион теңгеден астам шығын келген.

Атап өтсек, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі – Ерік Өтембаев.