Қазақстанның солтүстігінде үй құсы қырылып жатыр: прокуратура жағдайды бақылауға алды

0
1 096

​Солтүстік Қазақсан облысының үш ауданында үй құстары жаппай қырылып қалған, оған не себеп болғаны әзірге белгісіз.


Қазақстанның солтүстігінде үй құсы қырылып жатыр: прокуратура жағдайды бақылауға алды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының үш ауданында үй құстарының жаппай қырылу фактілері тіркелді, деп жазады sputniknews.kz.

"Жаппай қырылу Тимирязев ауданының Тимирязево, Элеваторный елді мекендерінде, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чернобаевка ауылында және Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында тіркелді. Барлығы 686 бас құс қырылды", - деп мәлімдеді прокуратурадан.

Олар өртеліп, аулаларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

"Ветеринарлық қызмет зертханалық тексеріс үшін құстың қаны мен ішкі ағзаларын алды. Олар құстың жаппай қырылу себебін анықтау үшін Петропавл қаласына жолданды. Облыс прокуратурасы жағдайды өз бақылауына алды. Қазір тексеріс шаралары жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді қадағалау органынан.

Прокуратура аудан тұрғындарын тыныштық сақтап, байбалам салмауға шақырды.