Қазақстанның солтүстігінде Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері қайтыс болды

0
139

Ол әскери жолын 17 жасында бастап, 371-ші атқыштар дивизиясының құрамында ауыр жылдарды өткерді.


Қазақстанның солтүстігінде Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері қайтыс болды

ERNUR.KZ. 6 қаңтарда СҚО-дағы Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері Федор Щеглов қайтыс болды, деп жазады tengrinews.kz.

"Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Васильевич Щеглов өмірден озды. 99 жасқа толуына небәрі бірнеше күн қалған еді. Ол өңірдегі соңғы ардагер болатын", - деп жазды Ғауез Нұрмұхамбетов.

Оның сөзінше, Федор Васильевичтің өмірі – төзімділіктің, адалдықтың және Отанға шексіз сүйіспеншіліктің айқын үлгісі. Ол әскери жолын 17 жасында бастап, 371-ші атқыштар дивизиясының құрамында ауыр жылдарды өткерді. Соғыстан кейін құрылыс саласында еңбек етіп, бейбіт заманда да елге адал қызметін жалғастырды.

"Жыл сайын мен Федор Васильевичке барып тұратынмын. Оның әңгімелері - даналыққа, Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы еді. Сол естеліктер әрдайым жүрегімізде сақталады.
Жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Федор Васильевичтің ерлігі, еңбегі және жарқын бейнесі солтүстікқазақстандықтардың жадында мәңгі сақталады", - деді СҚО әкімі.