Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

0
2 406

​Кездесу қорытындысы 2021 жылға жоспарланған президент сайлауы алдында Сирия дағдарысын саяси реттеудің кейінге шегерілмейтінін растайды.


Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. 16-17 ақпанда Сочиде Астана процесінің кепілгер елдері – Ресей, Иран және Түркия, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы уәкілінің қатысуымен Сирия үкіметі мен оппозициясының көпжақты және екіжақты консультациялары өтті, деп жазады sputniknews.kz.

Кездесу қорытындысы 2021 жылға жоспарланған президент сайлауы алдында Сирия дағдарысын саяси реттеудің кейінге шегерілмейтінін растайды.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Сирия бойынша Астана форматындағы 15-ші халықаралық кездесудің қорытындысын құптайды.

"Осыған байланысты Қазақстан Астана процесінің қағидаттарын берік ұстанады", - делінген Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Сирия бойынша Астана форматындағы 15-ші халықаралық кездесуге Қазақстан министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев қатысты. Ол кездесуге келген делегация басшыларымен кездесті.