Қазақстанның табысы ең көп өңірі аталды

0
244

Табысы ең төмен өңір болып Түркістан облысы белгіленді.


Қазақстанның табысы ең көп өңірі аталды

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның түрлі өңірлері тұрғындарының биылғы екінші тоқсанындағы атаулы ақшалай кірістерін есептеді, деп жазады tengrinews.kz.

2024 жылғы II тоқсанда Қазақстан Республикасындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары айына 204 963 теңге болды және 2023 жылғы II тоқсанмен салыстырғанда 12,6 пайызға өсті. Осы кезеңнің тұтыну бағаларының индексін (8,5 пайыз) ескере отырып, халықтың ақшалай табыстары нақты мәнде 3,8 пайызға артқан.

"2024 жылғы II тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Атырау облысында белгіленді, онда көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2 есеге жуық артықтығы байқалды. Табысы ең төмен өңір болып Түркістан облысы белгіленді, өңірде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің жартысына жуығын құрайды. 2024 жылғы II тоқсанда өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы ара қатынас 3,2 есе болды (2023 жылғы II тоқсанда – 3,4 есе)", - делінген хабарламада.

Ұлттық статистика бюросы