Қазір жағдайы ауыр өңір жоқ.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Солтүстік Қазақстан облысы елдегі коронавирус жағдайы бойынша "сары" аймаққа кіргенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
"Қазір жағдайы ауыр өңір жоқ. "Сары" аймақтағы өңір бар - ол Солтүстік Қазақстан облысы. Шығыс Қазақстан облысы да "сары" аймаққа жатады", - деді Ерлан Қиясов ОКҚ брифингінде.
Денсаулық сақтау министрлігі 21 қазанда "сары" аймақта тек Шығыс Қазақстан облысы екенін, ал қалған өңірлер "жасыл" аймақта екенін хабарлаған болатын.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында 1 қарашадан бастап блокбекеттер қойылады.