Қазақстанның тағы бір өңірі "қызыл" аймаққа кірді

0
802

Қазақстанның өңірлерінде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Ақтөбе облысы "қызыл" аймаққа кірді.


Қазақстанның тағы бір өңірі

9 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

"Сары" аймақта: Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.