Қазақстанның вице-министрлері Дубайға оқуға барады

0
172

Абдулла Нассер Лута бастаған араб делегациясы 15-17 мамыр күндері Қазақстанда болады.


Қазақстанның вице-министрлері Дубайға оқуға барады

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев Біріккен Араб Әмірліктерінен келген делегациямен кездесті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

15 мамырда Қазақстанға Министрлер Кабинеті министрінің бәсекеге қабілеттілік және тәжірибе алмасу мәселелері жөніндегі орынбасары Абдулла Нассер Лута делегациямен келді.

Екіжақты кездесулер шеңберінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар басшыларына арналған Мұхаммед бен Рашид мемлекеттік басқару мектебі Executive Leadership бағдарламасы бойынша оқытудың ресми іске қосылды.

«Бүгін біз Ұлттық акселератордың іске қосылатынын жарияладық. Өзекті проблемалық мәселелерді шешудің 100 күнінде БАӘ-нің жеделдету тәжірибесін зерделей отырып, осы тетікті Ұлттық жобалық кеңседе іске қосуды жөн көрдік. Мемлекеттік органдармен бірлесіп акселерациялау тақырыптары анықталды. Маңызды бағыттардың бірі - Capacity Building (әлеуетті арттыру), оның шеңберінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп, Мұхаммед бен Рашид мемлекеттік басқару мектебінің Executive Leadership Program бойынша Мемлекеттік органдардың басшыларын оқытамыз. Яғни, БАӘ-не цифрлық вице -министрлерімізді оқытуға жібереміз, олар жасанды интеллектті қолдана отырып, түрлі салалардағы мемлекеттік басқарудың жаңа тәсілдері мен әдістеріне оқытылатын болады», - деп атап өтті министр Жаслан Мәдиев.