Жаңаарқада белгісіз адам бір отбасының 3 көлігін өртеп жіберген

0
70

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталып жатыр.


Жаңаарқада белгісіз адам бір отбасының 3 көлігін өртеп жіберген

Фото: Бейнежазбадан

Ұлытау облысының Жаңаарқа кентінде белгісіз біреу жеке тұрғын үйдің ауласында тұрған үш автокөлікті өртеп жіберген, деп жазады inbusiness.kz.

Көліктер бір ер адам мен оның екі ұлына тиесілі болған. Оқиға 15 қарашаға қараған түні сағат 02:00 шамасында болған. Болжам бойынша, қаскөй аулаға кіру үшін қоршаудан асып түскен.

Сондай-ақ оқиғаға дейін көлік иелеріне бір адамнан қоқан-лоққы сипатындағы хабарламалар түскені айтылып жатыр. Алайда әзірге бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Жаңаарқа ауданында үш автокөлікті қасақана өртеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын және осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді полиция.

Ведомство өкілдері тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін де атап өтті.