"Қазақтелеком" құрамынан жаңа ұялы байланыс операторы бөлініп шығады

0
471

Бұған дейін олигарх және Freedom Holding Corp негізін қалаушы Тимур Турлов Жаңа 5G ұялы байланыс операторын құру ниеті туралы мәлімдеген еді.


ERNUR.KZ. Қазақстанда 5G деңгейіндегі жаңа ұялы байланыс операторы пайда болады, деп жазады ulysmedia.kz.

Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі nелекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамовтың айтуынша, ведомство ұялы байланыс нарығындағы бәсекелестік ортаға мүдделі. Бұл, Мейрамовтың айтуынша, елдегі байланыс сапасын жақсартады. Сонымен қатар, жаңа операторды құру процесінде екі мәселе бар.

"Үкіметтің нақты тапсырмасы бар, бұл ұялы байланыс операторларының бірін "Қазақтелеком"құрамынан шығару. Осы мәселе бойынша инвесторлармен жұмыс жалғасуда. Екінші мәселе – осы жылдың соңына дейін 5G жиіліктерін сату бойынша аукцион өткізу. Егер бұл аукционды қандай да бір жаңа инвестор ұтып алса, онда біз жаңа желі операторының пайда болғанын көре аламыз", – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін олигарх және Freedom Holding Corp негізін қалаушы Тимур Турлов Жаңа 5G ұялы байланыс операторын құру ниеті туралы мәлімдеген еді.