Қазалыда мал ұрлаған әйелдер қолға түсті

0
980

Олар жайылымда жүрген малды ұрлаған.


Қазалыда мал ұрлаған әйелдер қолға түсті

ERNUR.KZ. Қызылорда облысы Қазалы ауданында полиция қызметкерлері тұрақты түрде мал ұрлығымен айналысып келген 4 тұрғынды қолға түсірді. Олардың екеуі әйел, деп жазады ҚазАқпарат.

Қызылордалық полицейлер Қазалы ауданы маңындағы мал жайылымынан жылқы ұрлап, сол жерде сойып жатқан жерінен Төретам кентінің 4 тұрғынын ұстады.

«Олар жайылымда жүрген малды ұрлаған. Күдіктілер бұған дейін де мал ұрлығымен айналысып келген. Тергеу барысында олардың осы тектес 5 мал ұрлығы дерегіне қатысы бар екендігі анықталды. Оқиға орнында ұсталғандардың 2-уі әйел адам. Күдіктілер өз әрекеттерін толығымен мойындады. Оқиға орнында айғақ заттар алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталғандарға қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды»,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Байқоңырда полиция қызметкеріне күш қолданған азамат сотталғанын хабарлаған болатынбыз.