«Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Ақмола облысы аумағында шұғыл қонды

0
490

Тікұшақ жедел шақыру бойынша Нұр-Сұлтаннан шығып, Екібастұз қаласына бара жатқан.


«Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Ақмола облысы аумағында шұғыл қонды

ERNUR.KZ. «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8АМТ тікұшағы Ақмола облысы аумағында шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, тікұшақ жедел шақыру бойынша Нұр-Сұлтаннан шығып, Екібастұз қаласына бара жатқан.

«2021 жылғы 26 қарашада ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8АМТ тікұшағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жедел өтінімі бойынша «Нұр-Сұлтан – Екібастұз» бағытында шыққан. Алайда, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өрнек елді мекенінің аумағында мәжбүрлі түрде қонды (Нұр-Сұлтан қаласынан шамамен 100 км). Бортта 5 адамнан тұратын экипаж, 2 дәрігер болды. Мәжбүрлі қонудың алдын ала себебі - оң қозғалтқыштың тербелісі. Тікұшақ аман-есен қонды, зардап шеккендер жоқ. Экипаж мен дәрігерлер резервтік әуе кемесімен шығарылды. Ми-8АМТ тікұшағы кепілдікте тұр, өндіруші зауытпен бірлесіп әуе кемесінің инспекциясы орындалатын болады», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетсек, бұл туралы бүгін сағат 12:40-та Ақмола облысы ТЖД дағдарыстық жағдайлар басқармасына хабар түскен болатын.