«ҚазАзот» кәсіпорнында цех шатыры опырылып түсті

0
443

Оқиға орын алған аймақ толықтай қоршалған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.


«ҚазАзот» кәсіпорнында цех шатыры опырылып түсті

ERNUR.KZ. Ақтауда «ҚазАзот» кәсіпорнындағы күрделі минералды тыңайтқыштар өндіру цехының шатыры ортасына опырылып құлады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Оқиға 24 шілде күні сағат 05:20 шамасында болды. Ғимарат шатырының ішінара опырылуы қолайсыз метеожағдайлар салдарынан орын алған. Өйткені соңғы екі аптада өңірде аномальды температура болды. Сондай-ақ оқиға болған күні найзағай ойнап, нөсер жауын жауған еді.

Технологиялық жабдықтар зардап шеккен жоқ. Оқиға орнын «Жалын» Өрт сөндіруші» ЖШС-ның авариялық-құтқару қызметі тексерді. Аймақ қоршалды. Кәсіпорын қызметкерлері мен халықтың денсаулығына қауіп жоқ», - делінген ақпаратта.



Оқиға орын алған аймақ толықтай қоршалған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.