Қажылыққа алданып барғандардың басым бөлігі 5 шілделе елге келеді - СІМ

0
798

Туристік визамен қажылық жасауға болмайды.


Қажылыққа алданып барғандардың басым бөлігі 5 шілделе елге келеді - СІМ

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қажылыққа алданып барғандар туралы дәстүрлі брифингте айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қазақстандық турагенттік Сауд Арабиясына 300 қажыны туристік визамен апарған.

«Джидда қаласындағы Қазақстанның бас консулдығына біздің азаматтардан қоңырау келіп түсті. Олар елде қажылыққа сәйкес келмейтін визамен келген. Туристік визамен қажылық жасауға рұқсат берілмейді. Бас консул полиция учаскесіне барып, олардың босатылуына септігін тигізді. Кейбір деректер бойынша, турагенттік Сауд Арабиясына туристік визасы бар 300- ден астам адам апарған», - деді Смадияров.

Ол атағандай, барлық қажының санын анықтау мүмкін болмай отыр.

«Себебі 100-ден астам қажыны полиция учаскесінен босатқанда бірнеше автобус қаланың әр бөлігіндегі қонақүйлерге апарған. Консул бірінші автобустың артынан барып, қонақүйде азаматтарға әрі қарай қажылық жасаудың қажеттілігі жоқ екенін түсіндірді. Кейбір азамат елге келіп, құқықтық алаңда арыз жазып, заңгерлерге жүгініп жатыр. Ал кейбір қазақстандық автобустан жолда түсіп қалып, белгісіз жаққа бет алған. Олардың қайда екенін білмейміз. Мүмкін, қажылық жасап жатқан болар. Сауд Арабиясы билігі Қазақстанға қажылық жасауға квота бөлінеді. Егер одан асып кетсе, ешкім қажылық жасай алмайды», - деді ол.

Смадияров атағандай, туроператордың өкілі ешқайда қашпаған.

«Ол Сауд Арабиясындағы адамдардың елге оралуына көмек көрсетіп жатыр. Олардың басым бөлігі елге 5 шілде келеді. Одан кейін туроператормен мәселені заң тұрғысында шеше алады», - деді Айбек Смадияров.