Қажылыққа барушыларды алдаған туристік фирма басшысы ұсталды

0
1 286

Тергеу нәтижесі бойынша "Zam Zam Qazaqstan" туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкереленді.


Қажылыққа барушыларды алдаған туристік фирма басшысы ұсталды

ҚР ІІМ тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп жазады Zakon.kz.

Тергеу нәтижесі бойынша "Zam Zam Qazaqstan" туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкереленді.

"Сауд Арабиясы мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас, қажылық жасауға берілген виза растайтын жалған сайтты құру фактісі анықталды. 22 қарашада сот санкциясымен күдікті қамауға алынды", делінген ІІМ хабарламасында.

Сотқа дейінгі шаралар әлі жүргізіліп жатыр.