"Қазтеміртранс" АҚ басшысы ұсталды

0
77

​"Қазтеміртранс" АҚ Алматы филиалының директорының ұсталуына қатысты мәліметтер белгілі болды.


фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. 6 наурыз таңертең "Қазтеміртранс" баспасөз қызметі Алматы филиалының директоры Aқылбек Базеновтің ұсталғанын растады, деп жазады baq.kz.

Компания қазіргі уақытта уәкілетті құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын жүргізіп жатқанын айтты.

Компания тергеуші органдарға толық көмек көрсетіп, қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынады» – делінген хабарламада.

Басылымдарда айтылып жүрген «мемлекеттік сатып алуларда жеңімпаз болуға ықпал еткен үшін ірі пара алу» деректері күмән тудырады. Қазіргі уақытта «Қазтеміртранс» АҚ мен күзет ұйымдары арасындағы келісімдер толық аяқталған.

Жалпы бюджет бойынша күзет қызметіне шамамен 200 млн теңге бөлінсе, Алматы филиалына өндірістік базаларды қорғауға биылғы жылы 9 млн теңгеден аз қаражат бөлінген. Бұл көрсеткіш көпшілік тарапынан тараған пара сомасынан әлдеқайда төмен. Басқа мән-жайлар тергеу кезінде анықталады.

"Қазтеміртранс" АҚ заңдылық, ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидаттарын ұстанады. Егер заң бұзушылық расталса, барлық шаралар қолданылатын болады. Компания барлық мән-жайларды әділ тергеуді қалайды, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Компания қызметін қалыпты режимде жалғастырып, өндірістік міндеттемелер мен клиенттер алдындағы жауапкершілікті орындап отыр. Тергеу нәтижелері жария етілген жағдайда, қоғамға хабарланатын болады.