Бұл бастама алдағы жылдары жүзеге асырылады.
ERNUR.KZ. Сенаттың жалпы отырысында депутат Генадий Шиповских Қаржы министрлігінің өкіліне сұрақ қойды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Менің сұрағым кедендік бақылау жүйесінің, оның ішіндегі энергия ресурстарының орнын ауыстырудың қажеттігіне байланысты сонымен қатар, біздің осы жүйедегі заманға сай тетіктерді енгізу бойынша және иннфовациялық нормаларды енгізуге байланысты болып тұр», – деді ол.
Ол 1998 жылы 31 қазанда қазақ-өзбек елдерінің үкіметі арасында «кеден істері туралы» келісім барын айтып, сондағы заңда ғылым және техникалық мәліметтерді алмасу жөнінде көрсетілгенін атап өтті.
Депутат министрлікке «кедендік одақта жасанды интелектіні қолдану ойларыңыз бар ма, болса қалай пысықталып жатыр?» деп сұрақ қойды.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов кедендегі жағдайды былай түсіндірді.
«Жаңа техникаларды іске қосып, кедендік бақылаудың тетігін арттыру біздің бастапқы мақсаттарымыздың бірі болып саналады. Қазіргі таңда үшінші елдермен шекара бекеттерінде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Өзбекстан шекарасындағы Қонысбаев бекеті жаңартылып тапсырылса, қалған 4 бекет бойынша жұмыстар келесі жылы аяқталады», – деп жауап берді ол.
Вице-министр алдағы жылдары ЖИ-дің жаңа түрлері іске қосылатынын айтады.
«Біз басқа мемлекеттердің тәжірибесін қарап қандай техникалар енгізіліп жатқаны жөнінде сараптамалық жұмыстар жүргізіп отырамыз. Қазіргі таңда инспекторлық тексеру кешені арқылы түсірілетін суреттердің адами факторын азайту үшін жасанды интеллектіні енгізіп отырмыз. Ол жемқорлықты азайтып, автоматты анықтауға мүмкіндік береді», – деді министрлік өкілі.