​Келесі жылы елордада жүргізушісіз автомобиль пилоттық режимде іске қосылады

0
90

Бүгін Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдері вице-министрден еліміздің жүргізушісіз көлік режимін іске қосуға дайындығын сұраған еді.


​Келесі жылы елордада жүргізушісіз автомобиль пилоттық режимде іске қосылады

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

ERNUR.KZ. Келесі жылы елорданың жаңа учаскелерінде жүргізушісіз автомобильді пилоттық режимде іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун айтты, деп жазады inform.kz.

Бүгін Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдері вице-министрден еліміздің жүргізушісіз көлік режимін іске қосуға дайындығын сұраған еді.

— Қазір бұл тосынсыйды ашқым келіп отырған жоқ. Біз оны барынша толыққанда пилоттық іске қосқаннан кейін келесі жылға дайындап жатырмыз. Өздеріңіз де байқағандай, оны адамдар көлік жүргізіп үйренетін автоХҚО-лар аясында жасадық. Келесі жылы қаланың өзге учаскесінде жүргізушісіз автомобильді пилоттық режимде іске қосуды жоспарлап отырмыз, — деді Дмитрий Мун.
Бұған дейін вице-министр Instagram парақшасында Астанада жүргізушісіз автомобильдің қыс уақытында сынақ режимінде іске қосылғанын көрсеткен еді.