"Келінжан" фильмі Қырғызстанда көрсетіледі

0
785

Ал Өзбекстан Республикасы Фильмография агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликов бастаған делегациямен кездесуде екі жақ алдағы уақытта контент алмасуға, тәжірибе бөлісуге келісті.


ERNUR.KZ. "Хабар" агенттігінің басшылығы "Nauryz" ұлттық телесериалдар бәйгесі аясында Қазақстанға келген Қырғызстан мен Өзбекстан делегациясының өкілдерімен кездесті, деп жазады sputnik.kz.

Қырғыз елінен келген "Қырғызсериал" ММ директоры Женишгуль Өзбекова мен осы елдің экономист маманы Светлана Джунушбаеваға Қазақстан мен Қырғызстанның БАҚ саласындағы ынтымақтастығы серпінді дамып келе жатқаны және бұл бағытта күш біріктіре отырып, халықаралық аудиторияны қамтитын инновациялық, әлемдік деңгейдегі медиа жобаларды жасауға мүмкіндік бары айтылды.
Қонақтарға "Хабар" агенттігі телевизиялық хабар таратудан бөлек, көркем өнімдерді де шығаратын ірі телевизиялық өндіріс орны екені таныстырылды.
"Биыл "Этномедиа Плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімге отыру арқылы "Келінжан" толықметражды фильмін Қырғызстанның кинотеатрларынан көрсету туралы келісім жасалды", - деп жазылған хабарламада.
Ал Өзбекстан Республикасы Фильмография агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликов бастаған делегациямен кездесуде екі жақ алдағы уақытта контент алмасуға, тәжірибе бөлісуге келісті. Өзбекстандық өкіл екі елдің туризм саласын дамыту мақсатында бірлесіп үлкен тележоба түсіру жөнінде ұсыныс айтты. Тараптар бұл мәселеге қатысты алдағы уақытта келелі кеңес өткізіп, оң қортынды шығаратындарына сенім білдірді.
Бүгінде "Хабар 24" арнасы "O’zbekiston Kabel Televideniyasi" компаниясы арқылы Өзбекстанда хабар тарату қолға алып отыр. Сонымен қатар "Хабар" агенттігі 2021 жылы Өзбекстанның МТРК компаниясымен меморандум жасасқан болатын.