Табиғи апаттан барлығы 452 мың адам зардап шекті.
ERNUR.KZ. Кенияның әртүрлі аймағында Эль-Ниньо дауылы салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 154-ке жетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Жергілікті биліктің мәліметінше, соңғы үш аптадағы жаңбыр мен су тасқыны салдарынан елдің шығыс жағалауындағы аймақтар қатты зардап шегіп, инфрақұрылым қираған.
«Көптеген жолды су басып қалды, ағаштар құлауынан электр сымдары үзілді. Сонымен қатар Қызыл Крест ұйымының мәліметінше, 60 мыңға жуық отбасы баспанасынан айырылып, босқындар лагеріне көшуге мәжбүр болды», - делінген хабарламада.
Су тасқынынан барлығы 452 мың адам зардап шекті.
Бұған дейін көршілес Сомалиде де су тасқынынан жүзге жуық адам қаза тауып, ел ішінде жұқпалы аурулар тарай бастағанын жазған болатынбыз.