"Кешірім бермеймін": Жанқош Тұраров зорлады деген қыздың әкесі Қалдыбек Құрманәлі мәлімдеме жасады

0
377

Журналист Гүлбану Әниятқызының айтуынша, сазгер осы жағдайға байланысты Алматыға келген.


ERNUR.KZ. Боксшыдан зорлық-зомбылық көрдім деп шағым түсірген Әнару Құрманәлінің әкесі сазгер Қалдыбек Құрманәлі мәлімдеме жасады, деп жазады stan.kz.

Журналист Гүлбану Әниятқызының айтуынша, сазгер осы жағдайға байланысты Алматыға келген.

“Спортшы Жанқош зорлады деп арызданған Әнару Құрманәлінің әкесімен сөйлестім. Қалдыбек Құрманәлі – белгілі сазгер. Ол Шәмші әндерін насихаттап жүретінін білесіздер. Қалдыбек ағаның 2016 жылы өмірден өткен Ақмаржан Таубаева есімді әйелінен Әнару қызы мен Әнасыл ұлы бар екен. Балаларыммен араласып, көмектесіп тұратынын айтты. Қалдыбек Құрманәлі жүрегіне ота жасатып, денсаулығына байланысты Түркістан облысына көшіп кеткен. "Қазір қызыма көмектесу үшін Алматыға келдім" дейді. "Қызым жылап келгенде бұл сорақылықты қоғам білуі керек деп, журналистермен сұхбат ұйымдастырған да өзім" деп отыр", – деп жазды журналист.

БАҚ өкілінің айтуынша, қыздың әкесі Жанқош Тұраровқа кешірім бермей, істі аяғына дейін жеткізуге кіріскен көрінеді.

“Қалдыбек Құрманәлі Жанқош жақтан кешірім сұралғанын, бірақ ешқандай кешірім бере алмайтынын айтты. "Қызымды қорғауға жанымды, барымды саламын" деп отыр. Әнару – 28 жастағы үлкен қыз, тұлға. Жанқошпен кездескені, оған неге сенгені жайлы ештеңе айта алмаймын деді. Қоғамның буллингінен соң Әнару бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болыпты. Қазір депрессияда жүр дейді. Қалдыбек Құрманәлі бұл мәселеде аяғына дейін қызының қасында болатынын айтты", – деп мәлімдеді медиа маманы.

Еске салайық, Жанқош Тұраров зорлады деп айыптаған Әнару Құрманәлі азаматтық некеден туған танымал композитордың қызы болып шыққанын жазған едік.