Хостел ғимараты Халық банкке тиесілі – әкімдік

0
633

Оқиға орнында Алматы әкімі Ерболат Досаев, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жүр.


Хостел ғимараты Халық банкке тиесілі – әкімдік

ERNUR.KZ. Алматы әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, Әди Шәріпов көшесінде «Almaty Hostel» Халық банкіне тиесілі ғимаратта орналасқан, деп жазады inform.kz.

«Хостел бір жарым ай бұрын ашылған, ғимарат Халық банкке тиесілі. Банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген. Қызыл жалын 30 шаршы метрді шарпыған. Бұл хостел Алматы қаласының жоғары оқу орындарымен студенттерді орналастыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған жоқ», - деп хабарлады әкімдіктен.

Оқиға орнында Алматы әкімі Ерболат Досаев, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жүр.

Еске салайық, бүгін таңертең Алматыда болған өрт салдарынан 13 адам көз жұмды, екеуі ауруханаға жеткізілді. 59 адам шұғыл эвакуацияланды. 56-сы жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Мұндағы тұрғындардың дені — шет мемлекеттердің азаматтары. Ола — студенттер мен жалдамалы жұмысшылар.

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде болған өрттің себебін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.