"Хутор" бандасының жетекшісі делінген Хасан Қасымбаевқа қандай айыптар тағылғаны белгілі болды

0
569

2024 жылдың қарашасында Қасымбаев екі айға қамауға алынған еді.


Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Алматы полициясы Талғар тұрғыны Хасан Қасымбаевқа қандай айыптар тағылғанын айтты, деп жазады stan.kz.

Алматы облысы полициясының мәліметінше, Хасан Қасымбаевты сотқа дейінгі тергеу аясында Қасымбаевтың қамауға алу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды.

" Көрсетілген тұлғаға қатысты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша тергеу жүргізілуде. Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін іс материалдары тараптарға танысу үшін беріледі. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.", – делінген жауапта.

2024 жылдың қарашасында Қасымбаев екі айға қамауға алынған еді. Сол кезде полиция оған адам ұрлауға қатысы бар және қасақана ауыр дене жарақатын келтіру айыптарын тағу туралы мәлімдеді. Департаменттің мәліметінше, осы қылмыстар үшін бес адам қазірдің өзінде жаза өтеп жатыр.

Қасымбаевқа қызығушылық 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру оқиғасынан кейін туындады. Қазақстандықтар жасөспірімді өлтірді деп күдікке ілінгендер "Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері және оны Қасымбаев басқарады деп болжады. Осы жаңалықтардың аясында Қасымбаев видеоүндеу жариялап, қылмыстық топқа еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.